МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРІСТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

    ·
    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРІСТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
    Түркістан қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.
    Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына енгізілген өзгерістерді түсіндіру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
    Жиын барысында қолданыстағы заңнамадағы негізгі өзгерістерге тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мемлекеттік қызмет саласындағы заң талаптарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
    Сондай-ақ қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, заңнаманы тәжірибеде қолдану тетіктері бойынша тиісті түсіндірмелер ұсынылды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары