2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді

    ·
    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді

    Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

    Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі Корея Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары сайлауына қатысуға шақырады.

    Дауыс беру күні: 2026 жылғы 23 тамыз

    Дауыс беру уақыты: Сеул уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін

    Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі жанындағы №422 сайлау учаскесі

    Мекенжайы: 53, Jangmun-ro, Yongsan-gu, Seoul, 04392, Republic of Korea

    Сайлаушылар тізіміне 18 жасқа толған, Корея Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.

    Сайлаушылар тізіміне енгізілу үшін көрсетілген сілтеме ( https://forms.gle/ALaFkSUJczVM47pS8) немесе QR-код арқылы алдын ала тіркелуіңізді сұраймыз.

    Дауыс беру күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет. Жеке куәлікті eGov қосымшасындағы цифрлық құжат түрінде көрсетуге де болады.

    Сіздің дауысыңыз маңызды!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары