Атырауда «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

    ·
    Атырау облысының аумағында шілде айының 15-31 күндері аралығында республикалық «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында тіркелген атыс қаруы бар азаматтардың қаруды сақтау талаптарының заңнамаға сәйкестігі тексеріледі.
    Осыған байланысты азаматтардан азаматтық атыс қаруларының дұрыс сақталуын, сондай-ақ сақтау және алып жүруге берілген рұқсат құжаттарының мерзімін қадағалауды сұраймыз.
    Сонымен қатар, оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында Атырау облысының тұрғындарына заңсыз айналымдағы, тіркелмеген немесе құжатсыз сақталып келген қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде полицияға тапсыру мүмкіндігі бар екенін ескертеміз. Қару-жарақты өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары