Құрметті Қарабалық ауданының тұрғындары!
Сіздерді 2026 жылғы 20 қарашада сағат 11:00-де тұрғын үй мәселелері бойынша өтетін «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» іс-шарасына қатысуға шақырамыз!
Іс-шара аясында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй көмегі бөлімінің мамандарынан тұрғын үй көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес ала аласыздар.
Сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою, мәліметтерді өзектендіру, кезектіліктің сақталуы, бас тарту негіздері және қолданыстағы мемлекеттік тұрғын үйді қолдау шаралары бойынша түсіндірмелер беріледі.
Күні мен уақыты: 2026 жылғы 20 қараша, сағат 11:00.
Өтетін мекенжайы: Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 31 (фронт-офис).
Сіздерді күтеміз! Қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алып, қажетті кеңес пен түсіндірме алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








