Абай болыңыз: Алаяқтар «Қазпошта» атын жамылып, азаматтардың жеке деректерін ұрлауда

    Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «Қазпошта» АҚ қызметкерлерінің атын жамылып жасалатын алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатқанын ескертеді.
    Алаяқтық схемасы қалай жұмыс істейді? Қаскүнемдер азаматтарға шетелдік телефон нөмірлерінен сәлемдеме (посылка) келе жатқаны туралы хабарламалар жібереді. Хатта мекенжайды нақтылау немесе жеткізуді рәсімдеу үшін арнайы сілтемеге өту ұсынылады. Алайда бұл сілтеме ресми ресурсқа емес, алаяқтар жасаған жалған (фишингтік) сайтқа бағыттайды. Онда енгізілген жеке деректер мен банк картасының мәліметтері бірден қылмыскерлердің қолына түседі.
    Сақтық шаралары: Бас прокуратура тұрғындарды қырағылық танытып, келесі ережелерді сақтауға шақырады:
    • Күмәнді нөмірлерден келген сілтемелерді ашпаңыз;
    • Бөгде сайттарға жеке мәліметтеріңізді, ЖСН немесе банк картасының деректемелерін енгізбеңіз;
    • Сәлемдемелер туралы ақпаратты тек пошта қызметінің ресми мобильді қосымшасы, сайты (qazpost.kz) немесе 1499 байланыс орталығы арқылы тексеріңіз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары