Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі ата-аналардың көптеген өтінішінен кейін қоғамдық көлікте балалар арбасын тасымалдаудың қолданыстағы ережелерін қайта қарау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 15 қараша күні вице-премьер – көлік министрі Әсел Жанасова өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, ережелерді жаңарту ата-аналар тарапынан түскен сауалдар мен ұсыныстарды ескере отырып қолға алынды. Негізгі мақсат — талаптардың екіұшты түсіндірілуіне жол бермеу, сондай-ақ барлық жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде автобустарда балалар арбасымен жүруге тыйым салынуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Алайда Көлік министрлігі бұл қауесетті жоққа шығарып, қолданыстағы ережеде арбаны тасымалдауға ешқандай тыйым жоқ екенін нақтылады. Қазіргі тәртіп бойынша, егер автобус ішінде жолаушылар көп болып, ата-анаға отыратын бос орын табылса ғана, балалар арбасын жинап қою талап етіледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








