Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

    Орал қаласының әкімдігі·
    Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

    Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік сала, тұрғын үймен қамтамасыз ету, балалар ойын алаңдарын салу және абаттандыру, бұралқы иттер мәселесі, сондай-ақ мәдениет саласына қатысты өзекті сұрақтарын көтерді.

    Қала әкімі әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Кейбір мәселелер бойынша заңнамаға сәйкес түсіндірме берілсе, бірқатар ұсыныстар бақылауға алынып, кезең-кезеңімен қаралатын болады.

    Тұрғындарды жеке қабылдау – азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, өзекті мәселелерді шешуге бағытталған маңызды жұмыс бағыттарының бірі.

    Ұқсас материалдар

    "Орал қаласының әкімдігі" жаңалықтары