№9 ҚАЛАЛЫҚ МАРШРУТТЫҢ ҚОЗҒАЛЫС БАҒЫТЫ ҰЗАРТЫЛАДЫ!

    1 / 2

    Құрметті қала тұрғындары!

    Ақжайық шағын ауданында құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізілуіне және тұрғындар санының артуына байланысты 2026 жылғы 16 қарашадан бастап №9 «Ақжайық шағын ауданы – Орталық базар» қалалық маршрутының қозғалыс бағыты №41 көпқабатты тұрғын үйге дейін ұзартылады.

    Сонымен қатар маршрут желісіне қосымша 5 автобус шығарылады.

    Аталған маршрут арқылы «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығына да қатынауға мүмкіндік бар.

    Енгізілген өзгерістер нәтижесінде автобустардың қозғалыс аралығы қысқарып, жолаушыларды тасымалдау мүмкіндігі артады. Сондай-ақ тұрғындар мен оқушылардың қоғамдық көлік қызметіне қолжетімділігі жақсарады.

    Назар аударыңыздар! Маршруттың өзгертілген қозғалыс сызбасы төменде ұсынылған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Орал қаласының әкімдігі" жаңалықтары