20–22 қараша күндері мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан Орал қаласы әкімінің кубогы өтеді.
Үш күнге созылатын спорттық додада командалар өзара бақ сынап, үздік ойын өрнегін көрсетуге тырысады. Жарыстың басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметшілер арасында достық қарым-қатынас пен командалық рухты нығайту.
20 қараша:
* 16:00 – 17:00 төрешілер алқасының кеңесі мен мандаттық комиссия отырысы өтеді
* Топтық ойындар.
21 қараша, сағат 12:00 – ашылу салтанаты және финалдық ойындар.
Өтетін орындар:
* «Орал» спорт кешені (Даль көшесі, 7/3);
* «Жайық-Арена» спорт кешені.
Барша спорт жанкүйерлерін жарысқа келіп, командаларға қолдау көрсетуге шақырамыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









