Талас ауданындағы лагерьде қауіпсіздік шаралары өтті

    Талас ауданындағы лагерьде қауіпсіздік шаралары өтті

    Талас ауданы білім бөлімінің «Жұрындысай» сауықтыру лагерінде балаларға арналған қауіпсіздік шарасы ұйымдастырылды.

    Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрт және судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кеңестер берді.

    Сонымен қатар, 50-ден астам балаға жүзу дағдылары үйретіліп, жүзуден жарыс өткізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар табысталды.

    Аптап ыстыққа байланысты өрт сөндіру техникасының көмегімен балаларға жасанды жаңбыр ұйымдастырылып, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары