ШЫМКЕНТТЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

    ШЫМКЕНТТЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

    Шымкент қаласының Әділет департаменті мен TEN QOGAM әлеуметтік қолдау орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

    Меморандумның негізгі мақсаты – мүгедектігі бар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тегін құқықтық көмекке қолжетімділігін кеңейту, сондай-ақ құқықтық мәселелер бойынша бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

    Ынтымақтастық аясында тараптар алдағы уақытта бірлескен семинарлар, дөңгелек үстелдер, құқықтық қабылдаулар мен кеңес беру іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Аталған жұмыстар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қажетті құқықтық ақпарат пен білікті заң көмегіне қолжетімділікті арттыруға бағытталады.

    Тараптар арасындағы өзара іс-қимыл тұрғындарға сапалы құқықтық қолдау көрсетуге, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары