Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (Экономикалық тергеп-тексеру қызметі) экономикалық тергеп-тексеру қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу (бұдан әрі – Іріктеу) өткізілетінін хабарлайды.
Іріктеу Астана, Алматы қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінде жедел уәкіл (анықтаушы), тергеуші немесе криминалист (В-FMO-6 санаты) лауазымдарына өткізіледі, олардың функционалдық міндеттеріне криминалистикалық және арнайы зерттеулер жүргізу, бюджет саласы мен квазимемлекеттік сектордағы, көлеңкелі экономика саласындағы құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің құзыретіне жатқызылған өзге де қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, ашу, жолын кесу және тергеп-тексеру кіреді.
Ең төменгі жалақы мөлшері 295 859 теңгені құрайды.
Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері көзделген. Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және құқық қорғау органдары қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес қызмет өткеру өңірі мен қызметкердің отбасы құрамын ескере отырып айқындалады.
Іріктеуге мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (құқық қорғау қызметі лауазымдарына арналған тиісті 2-бағдарлама бойынша) тестілеуден (жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда) бұрын өткен кандидаттар жіберіледі.
Құжаттарды тапсыру мерзімі мен тәртібі.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 15 шілде мен 15 тамыз аралығында «Open Academy» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Іріктеуге қатысу үшін кандидаттарға:
-,жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) пайдалана отырып talapker.prokuror.gov.kz сайтында тіркелу;
- жеке кабинетте мынадай құжаттарды толтырып, жүктеу қажет:
- Іріктеуге қатысуға жіберу туралы өтініш (ЭЦҚ-мен қол қойылған), оның ішінде кез келген өңірде қызмет өткеруге келісім;
- білім туралы құжаттар қосымшаларымен бірге (шетелдік дипломдар үшін – нострификациялау немесе тану туралы құжат);
- белгіленген нысан бойынша өмірбаян;
- 3×4 фотосурет (10 мбайтқа дейін);
- бар болған жағдайда қосымша құжаттар (сертификаттар, грамоталар, дипломдар және т.б.).
Құжаттардың толық топтамасын ұсынбау немесе оларды белгіленген мерзімнен кеш тапсыру Іріктеуге қатысудан бас тартуға негіз болып табылады.
Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы.
- Жасы 18-ге толған, бірақ 35 жастан аспаған.
- Жоғары білімінің болуы.
Іріктеуге мына адамдар қатыса алмайды:
- заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған;
- құқық қорғау қызметіне қабылданар алдындағы бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
- құқық қорғау қызметіне қабылданар алдындағы үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
- қызметке қабылданар алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған;
- бұрын сотталған не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адамдар.
Іріктеу кезеңдері
Іріктеу мынадай кезеңдерден дәйекті түрде өтуді қамтиды:
- құжаттарды қабылдау және тексеру;
- кейстік тапсырмаларды орындау;
- эссе жазу;
- психологиялық-әлеуметтік зерттеу;
- медициналық және психофизиологиялық куәландыру;
- полиграфологиялық зерттеу;
- әңгімелесу.
Қажетті компьютерлік техника болмаған жағдайда кандидаттар Іріктеу кезеңдерінен аумақтық құқық қорғау органдарының арнайы жабдықталған үй-жайларында өте алады (аумақтық бөлімшелерінің орналасқан мекенжайлары мен байланыс телефондары төменде көрсетілген).
Оқыту және одан әрі жұмысқа орналасу
Іріктеуден сәтті өткен кандидаттар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға жіберіледі.
Бастапқы кәсіптік даярлық мерзімі:
6 ай (Академияда 5 ай оқу + 1 ай тағылымдама).
Бастапқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде кандидаттарға 40 532 теңге мөлшерінде шәкіртақы төленеді.
Бастапқы кәсіптік даярлықты сәтті аяқтаған кандидаттар құқық қорғау қызметіне қабылданады, бұл ретте лауазымға тағайындау сынақ мерзімінсіз жүзеге асырылады және бір мезгілде оларға арнаулы атақ/біліктілік сыныбы беріледі.
Кандидаттар құқық қорғау қызметіне қабылдану кезінде құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға дайын болуы тиіс.
Қызмет өткерудің ерекше шарттары
Құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулер:
Қызметкердің:
- өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, партияларда, кәсіптік одақтарда болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға сөз сөйлеуге, құқық қорғау органдары жүйесінде өздерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығына негізделген, еңбек, сондай-ақ өзге де әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында құрылған саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға;
- педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақылы қызметпен айналысуға;
- кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;
- заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;
- қызметтік міндеттерін орындау үшін берілген материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, өзге де мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;
- мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттердің орындалуына кедергі келтіретін іс-әрекеттерге, оның ішінде ереуілдерге қатысуға;
- лауазымдық өкілеттіктерін орындауына байланысты жеке мақсаттарда жеке және заңды тұлғалардың көрсететін қызметтерін пайдалануға;
- өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсаттарда, оның ішінде лауазымды және өзге де тұлғалармен сөз байласу арқылы пайдалануға;
- жақын туыстарының (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, бірге туған және бірге тумаған аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайының (зайыбының) тікелей бағынысында болатын лауазымды атқаруға құқығы жоқ.
Қосымша ақпарат
Іріктеуді өткізу тәртібі «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 26 маусымдағы №80, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №199 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi №675 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2026 жылғы 10 сәуірдегі №59 және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 10 сәуірдегі №6 бірлескен бұйрығымен реттеледі. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 сәуірде №38414 болып тіркелген.
Техникалық қолдау қызметінің байланыс телефоны: 8 779 914 79 36
Қоңыраулар жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін қабылданады.
Аумақтық бөлімшелердің орналасқан мекенжайлары және кадр қызметтерінің байланыс телефондары:
- Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефондары: 8 (7172) 70-84-79 (IP - 21390) (IP - 21394), пошталық мекенжайы: п/и 010000 Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 43;
- Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефондары: 8 708 896 22 07, пошталық мекенжайы: п/и 050000 Алматы қаласы, Жібек Жолы даңғылы 127;
- Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефондары: 8 (707) 110-70-17, 8 (775) 759-59-55 (IP – 40018). Пошталық мекенжайы: 071401, Семей қаласы, Шымкент көшесі, 2;
- Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (7162) 251488 (IP – 23032).
Пошталық мекенжайы: 020004, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 21; - Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (7132) 468277 (IP – 25046). Пошталық мекенжайы: 030000, Ақтөбе қаласы, Алтын Орда шағын ауданы, 8А;
- Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (727) 2792086 (IP – 24087).
Пошталық мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан даңғылы, 112; - Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефондары: 8 (7122) 354209, 8 778 934 10 08.
Пошталық мекенжайы: 060000, Атырау қаласы, Абай көшесі, 8; - Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефондары: 8 (7767) 31 08 58 (IP – 27012), 8 (7232) 578999 (қабылдау бөлмесі). Пошталық мекенжайы: 070004, Өскемен қаласы, Новаторов көшесі, 7/2;
- Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефондары: 8 (7172) 708479 (IP – 38029), (IP – 38022), Пошталық мекенжайы: 040000, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 48;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (7112) 538480, 8 (7112) 538423, Пошталық мекенжайы: 090000, Орал қаласы, А. Каримуллина көшесі 2/2;
- Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (7212) 216622, Пошталық мекенжайы: 100000, Қарағанды қаласы, Б. Хмельницкий көшесі, 14;
- Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (7142) 53 64 12, Пошталық мекенжайы: 110007, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 183;
- Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (7292) 403641, IP (33055, 33056).
Пошталық мекенжайы: 130003, Ақтау қаласы, 31а шағын аудан, 5 ғимарат; - Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефондары: 8 (7182) 663307 (IP – 34013), 8 (7182) 616656 (IP – 34004). Пошталық мекенжайы: 140000, Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 98;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (7152) 466434.
Пошталық мекенжайы: 150000, Петропавл қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 120; - Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (7102) 77-30-62 (39010),
Пошталық мекенжайы: 100600, Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 144.






