Ашық есік күні

    Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде БҚИТУ ЖОО-ның бірінші курс студенттері үшін ашық есік күні өткізілді. Бұл кездесу жаңа форматта, яғни Департаменттің жас қызметкерлерімен ашық диалог форматында өтті.

    Кездесудің басты мақсаты — еркін әрі ашық диалог құру. Ресмиліксіз, күрделі терминдер мен ұзақ дәрістерсіз. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын еркін қойып, қысылмай пікір алмаса алды.

    Кездесу барысында заңгерлік мамандық, құқық қорғау органдарындағы қызмет, жас мамандардың кәсіби жолы және Департамент жұмысының ерекшеліктері туралы әңгіме өрбіді.

    Сұрақ көп болды — демек, кездесу шынымен де қызықты әрі пайдалы өтті. Мұдай кездесулер студенттерге біріні курстан бастап болшақ мамандығын түсінуге өз үлесін қосады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті" жаңалықтары