Студенттермен жұмыс

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Студенттермен жұмыс

    ҚазИТУ университетінің алаңында бірінші курс студенттері үшін құқық қорғау және өзге де бейінді органдар өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-профилактикалық кездесу өтті.

    Іс-шараға Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері, сондай-ақ психолог пен теолог қатысты. Кездесу барысында Департамент қызметкері Қаржылық мониторинг агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметі туралы айтып берді. Сонымен қатар бірінші курс студенттеріне дропперлік, оның түрлері және заңсыз схемаларға қатысудың салдары түсіндірілді.

    Сондай-ақ мамандар студенттерге жеке және қоғамдық қауіпсіздіктің негізгі ережелері, заңнаманы сақтаудың маңыздылығы, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және әртүрлі өмірлік жағдайларда саналы әрі жауапты мінез-құлық танытудың қажеттілігі туралы айтып берді.

    Құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға, қоғамдық орындар мен интернет кеңістігіндегі қауіпсіздікке, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары