
«Профилактикалық екпелер туралы мәліметтерді медициналық ақпараттық жүйелерге енгізудің өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.
Семинарды ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары С. Слямгазина кіріспе сөзімен ашты.
Семинар гибридті форматта ұйымдастырылып, оған облыста вакцинацияны ұйымдастыруға және профилактикалық екпелер туралы мәліметтерді жүргізуге жауапты медициналық ұйымдарының мамандары қатысты.
Іс-шара аясында С. Қайырбекова атындағы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің консультативтік-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің жетекші маманы Э. Нурпеисова «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Вакцинация» модулінде №3 «Вакциналардың қозғалысы туралы есеп» және №4 «Профилактикалық екпелермен қамту туралы есеп» есептілік нысандарын қалыптастыру туралы ақпарат ұсынды.
«Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК МСАК бөлімінің меңгерушісі Г. Таканова жүргізілген профилактикалық екпелер туралы мәліметтерді енгізу кезінде жіберілетін қателерді талдау, деректерді түзету алгоритмдері және тарихи мәліметтерге өзгерістер енгізу тәртібі туралы баяндама жасады.
Семинар барысында медициналық ақпараттық жүйелермен жұмыс істеудің өзекті мәселелері қаралып, практикалық тәжірибе алмасу жүргізілді. Сондай-ақ вакцинация туралы деректерді жүргізу барысында туындайтын мәселелер талқыланды.









