Өскеменде полицейлер 8 миллион теңгеден астам қарызы бар борышкерлерді тапты

    ·
    Өскеменде полицейлер 8 миллион теңгеден астам қарызы бар борышкерлерді тапты

    Өскеменде полицейлер 8 миллион теңгеден астам қарызы бар борышкерлерді тапты

    Өскемен қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімшелеріне қарызды төлеуден жалтарушы азаматтарды іздеуге жариялау туралы жеке сот орындаушыларынан қаулылар келіп түсуде.

    Мәселен, жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Көші-қон қызметінің қызметкерлері 61 жастағы әйел адамның орналасқан жерін анықтады. Ол 2025 жылдың наурыз айынан бері қала тұрғыны алдындағы 4 миллион теңгеден астам қарызын өтемеген.

    Сондай-ақ, полиция қызметкерлері алимент төлемеген 34 жастағы ер адамды тапты. Ол екі кәмелетке толмаған баласын асырау бойынша міндеттемелерін ұзақ уақыт орындамай келген, нәтижесінде қарыз көлемі 4 200 000 теңгеге жеткен. Азамат 2026 жылдың ақпан айынан бері іздеуде болған. Енді екі борышкерден де қарызды өндірумен сот орындаушылары айналысатын болады.

    «Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері 50-ден астам борышкерді анықтады. Сот актілерін орындаудан жалтаратын адамдарды іздестіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр», — деді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

    ШҚО ПД Көші-қон қызметі сот актілерін орындау – азаматтардың тікелей міндеті екенін ескертеді. Оны орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

    Істі шектен тыс шараларға дейін жеткізбеңіздер. Міндеттемелерді уақытылы орындау – тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар басқа азаматтардың құқығын сыйлаудың белгісі.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары