
ШҚО полициясындағы дрондар: іздестіру, бұзушылықтардың жолын кесу және қауіпсіздік
Шығыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшу аппараттары полицияның күнделікті жұмысының бір бөлігіне айналды. Олар хабарсыз кеткен адамдарды іздеуге, құқық бұзушылықтарды анықтауға және қылмыстарды ашуға көмектеседі.
ШҚО Полиция департаментінің қарамағында 31 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Олар патрульдеу, жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қолданылады.
Негізгі бағыттардың бірі — адамдарды іздеу. Дрондар қолданыла бастағаннан бері олардың көмегімен хабарсыз кеткен 10 адам табылды. Әуеден бақылау үлкен аумақтарды, соның ішінде жаяу баруға қиын жерлерді қысқа уақытта тексеруге мүмкіндік береді.
Дрондар қылмысқа қарсы күресте де қолданылады. Олардың көмегімен мал ұрлаудың екі фактісі ашылып, 36 бас ірі қара мал табылып, иелеріне қайтарылды. Сондай-ақ дрондар есірткінің таралуына жол бермеуге бағытталған жедел іздестіру іс-шараларына жұмылдырылады.
Ұшқышсыз аппараттар жолдар мен көшелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де пайдаланылады. Әуеден бақылау арқылы жол жүрісі қағидаларын бұзудың 92 фактісі анықталып, әртүрлі құқық бұзушылықтар бойынша 478 әкімшілік хаттама толтырылды.
Жоғары сапалы камералар мен жылу түсіргіштер әуеден анық бейне алуға және көру мүмкіндігі шектеулі жағдайда да нысандарды анықтауға мүмкіндік береді.
Осылайша, әуеден бақылау жердегі полиция нарядтарының жұмысын толықтырып, жағдайды жедел бағалауға, үлкен аумақтарды тексеруге және полиция күштерін тиімді пайдалануға жақсы. Әсіресе әр минут маңызды болған жағдайда бұл таптырмас мүмкіндік.
ШҚО ПД баспасөз қызметі








