
Алыстан көрінетін жаяу жүргіншілер өткелдері
Өскемен қаласының төрт учаскесінде жарық проекциясы жүйесімен жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдері жұмыс істейді.
Жаяу жүргінші жолға жақындаған кезде жолдың үстіне арнайы жарық түсіріледі. Ол өткел орнын қосымша белгілеп, жүргізушілердің назарын аударуға көмектеседі. Бұл әсіресе қараңғы уақытта, жаңбыр, қар жауғанда және көріну мүмкіндігі төмен болған кезде өте маңызды.
Мұндай өткелдер облыстық аурухана маңында, Арбатта, «Өскемен» аллеясының аумағында және Оралхан Бөкей көшесіндегі «Doner» дәмхана жағында жұмыс істеуде.
Жаңа шешімдер жолдағы жаяу жүргіншілердің көрінуін арттыруға жақсы мүмкіндік. Дегенмен қауіпсіздік барлық жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігіне байланысты: жүргізушілер өткелге жақындағанда жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілерге жол беруі керек, ал жаяу жүргіншілер жолға шығар алдында өз қауіпсіздігіне көз жеткізуі қажет.
ШҚО ПД баспасөз қызметі








