Өскеменде психотроптық заттардың ірі партиясымен екі күдікті ұсталды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Өскеменде психотроптық заттардың ірі партиясымен екі күдікті ұсталды

    Өскеменде психотроптық заттардың ірі партиясымен екі күдікті ұсталды

    Шығыс Қазақстан облысында интернет арқылы табылған жұмыс ұсынысы қылмыстық іске ұласты.

    ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасымен бірлесіп, «Қарасора» және «Паутина» ЖПІШ аясында психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен екі жас жігітті ұстады.

    Ұсталғандардың бірі шілде айында интернет арқылы жұмыс тапқан. Көп ұзамай оның қызметі тыйым салынған заттарды алып, оларды өлшеп, буып-түюмен байланысты болған. «Жұмысы» үшін оған криптовалюта түрінде ақы төленіп, кейін оны банк шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

    Тінту барысында полицейлер төрт пластик ыдыс пен ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакетті, изолента және үш электронды таразыны тәркіледі.

    Сараптама қорытындысына сәйкес, шамамен 800 грамм α-PVP және 334 грамм мефедрон анықталған. Психотроптық заттардың жалпы салмағы 1 келіден асты.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Бұл оқиға интернеттегі «оңай табыс» туралы ұсыныстардың уәде етілген кіріске емес, қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін тағы бір көрсетеді. Тыйым салынған заттарды алу, сақтау немесе буып-түю сияқты жекелеген тапсырмаларды орындаудың өзі қылмыстық схемаға қатысуға әкеп соғады.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары