БҚО-да граффити үшін 15 азамат жауапқа тартылды

    БҚО-да граффити үшін 15 азамат жауапқа тартылды

    Биыл жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында қоғамдық орындарға заңсыз жазу мен граффити салудың бірнеше фактісі анықталды.

    Осыған байланысты заң бұзған 15 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Атап айтқанда, 7 адамға заңсыз жазулар жазып, суреттер салғаны үшін әкімшілік айыппұл салынса, 8 азамат әкімшілік қамауға алынды. Кінәлі адамдардың өздері жазған жазуларды өздері келтірді.

    Қазіргі таңда заңсыз жазулар анықталған орындар тазартылып, бастапқы қалпына келтірілуде.

    Бұл жұмыстарға полиция қызметкерлерімен бірге еріктілер мен жастар да белсенді қатысып жатыр.

    Жыл басынан облыс аумағында 50-ден астам орындардағы заңсыз жазулар жойылып, тазартылды.

    Аталған жұмыстардың барлығы “Таза Қазақстан” жобасы аясында жүргізіліп жатыр.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары