Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясының түсіндіру жұмыстары

    Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясының Су қоры объектілерін қорғау бөлімі қызметкерлері, жерүсті су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен жағалау белдеулерінде шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында қолданыстағы заңнама талаптары, аталған аумақтарда шаруашылық қызметті жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ белгіленген талаптарды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.

    Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, су ресурстарын ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті" жаңалықтары