Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 3
Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының Батыс Қазақстан облысы бойынша бөлімінің мамандары «Кублей» ЖШС еңбек ұжымына су ресурстарын үнемдеу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға су ресурстарын ұтымды пайдалану, суды үнемдеу тәсілдері және су көздерін қорғаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – су ресурстарына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, суды тиімді пайдалану дағдыларын насихаттау және су үнемдеу шараларының маңыздылығын арттыру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








