Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті

    О Комитете

    "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын государственный орган болып табылады.

    Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» баспасөз конференциясы

    Тақырып : «Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің жұмыс нәтижесі». Спикерлер : Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы - Нұрымбетов Сейілбек Серғазыұлы; Су ресурстарын реттеу , қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары - Әбдіқулов Темірлан Қайратұлы.

    8 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    Центр Казмедиа

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Қандай жағдайларда арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданылуы тоқтатылады?

    Жауап

    Рұқсат мынадай жағдайларда тоқтатылуға жатады: 1) су пайдаланушының арнайы су пайдалану құқығынан бас тартуы; 2) арнайы су пайдалану мерзімінің өтуі және (немесе) жер асты сулары қорларын бекіту мерзімінің өтуі; 3) су пайдаланушы жеке тұлғаның қайтыс болуы; 4) су пайдаланушы заңды тұлға таратылған; 5) су объектілерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енгізу; 6) су объектілерінің табиғи немесе жасанды жойылуы; 7) рұқсаттан айыру (кері қайтарып алу).

    ·
    Сұрақ

    Су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінің болуы бойынша координаттар бойынша ақпаратты қалай алуға болады?

    Жауап

    Координаттар бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерінің болуы туралы ақпаратты өтініш берушінің сұрау салуы бойынша бассейндік су инспекциялары не жергілікті атқарушы органдар береді. Жерді пайдалану және құрылыс салу мәселелері бойынша ресми қорытындылар мен шешімдер алу үшін жер қатынастары және сәулет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіну қажет.

    ·