
Нұрымбетов Сейілбек Серғазыұлы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы
1983 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының құрамындағы Мелиорация, су шаруашылығы және құрылыс институтын «Табиғат орналастыру және су пайдалану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.


























