Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті·Жаңалықтар мұрағаты

Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік су инспекциясы өңірдегі білім беру ұйымдарымен бірлесіп, өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және су ресурстарын ұтымды пайдаланудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.
Кезекті ақпараттық-түсіндіру жұмысы 5 қазанда Жоғары геодезия, картография және құрылыс колледжінде өтті. Атап айтқанда, Инспекция мамандары колледж студенттерімен «Суды үнемде – болашақты сақта!» республикалық экологиялық акциясы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Кездесу барысында студенттерге су ресурстарының адам өмірі мен қоршаған орта үшін маңыздылығы, оларды тиімді әрі ұтымды пайдалану мәселелері, сондай-ақ су тапшылығының алдын алу және табиғи ресурстарды сақтау шаралары түсіндірілді.








