Құқықтық көмек керуені

    Құқықтық көмек керуені

    «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 1 қазанда Арқалық қаласының жас көрермендер театрында Арқалық қаласының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі филиалының басшысы Бердикулов Абзал Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы, Қостанай облысының нотариусы, прокуратура, полиция және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізілген «Құқықтық көмек керуені» көшпелі акциясына қатысты. Іс-шара барысында тұрғындар мемлекеттік органдардың өкілдерінен құқықтық мәселелер бойынша кеңес алып, өз сұрақтарына жауаптар мен қажетті түсіндірмелер алды, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Бердикулов А.А. тұрғындарға «2026 жылғы 24 маусымдағы атқарушылық өндірісті жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндірді.

    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары