
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, қоса атқару (қоса жұмыс істеу) және лауазымдарды қоса атқару - қосымша жұмысты орындаудың әртүрлі нысандары болып табылады.
Қоса жұмыс істеу (қосымша жұмыс) |
Лауазымдарды қоса атқару |
Негізгі жұмыстан бос уақытында басқа тұрақты ақы төленетін жұмысты орындау. |
Негізгі міндеттерінен босатылмай, негізгі жұмысымен қатар қосымша жұмысты орындау. |
Жеке еңбек шарты жасалады. |
Жеке еңбек шарты жасалмайды — жұмыс берушінің бұйрығы шығарылады және, әдетте, еңбек шартына қосымша келісім жасалады. |
Сол жұмыс берушіде де, басқа жұмыс берушіде де жүзеге асырылуы мүмкін. |
Тек сол жұмыс берушіде ғана жүзеге асырылады. |
Еңбекақы қоса жұмыс істеу туралы еңбек шартының талаптарына сәйкес төленеді. |
Қосымша жұмыс үшін тараптардың келісімімен айқындалатын мөлшерде қосымша ақы төленеді. |









