Өнеркәсіптік қауіпсіздік: маман даярлаудың жаңа бағыты

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік: маман даярлаудың жаңа бағыты

    ҚызылордаоблыстықТЖДӨнеркәсіптікқауіпсіздікбасқармасыменҚорқыт атаатындағыуниверситетарасындағысеріктестікжаңасатығакөтерілді . ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бастамасымен бекітілген үшжақты меморандум аясында сала мамандары университет студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шара өскелең ұрпақтың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыруға, болашақ мамандарға өндірістік қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын тереңірек түсіндіруге бағытталды. Сондай-ақ, кездесу барысында теориялық білім мен өндірістік тәжірибені ұштастыру, білікті жас мамандарды қолдау және олардың кәсіби қызығушылығын арттыру мәселелері талқыланды.

    Сұрақ-жауап форматында өткен жиында студенттер нақты кейстермен танысып, мамандардан мазмұнды ақпарат алды. Аталған ынтымақтастық қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыратын кәсіби кадрларды даярлауға және дарынды жастарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына тартуға елеулі үлесін қоспақ.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" жаңалықтары