Скринингтен өтуге арналған әлеуметтік демалыс

    ·
    Скринингтен өтуге арналған әлеуметтік демалыс

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыскердің скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалыс алуға құқығы бар, ал жұмыс беруші оған жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, мұндай демалысты беруге міндетті.

    Беру тәртібі:

    1. Жұмыскер скринингтен өту үшін әлеуметтік демалыс беру туралы жұмыс берушіге өтініш береді.
    2. Жұмыс беруші әлеуметтік демалыс беру туралы бұйрық (өкім) шығарады.
    3. Жұмыскерге күнтізбелік жыл ішінде толық немесе бөліп пайдалануға болатын үш жұмыс күнінен аспайтын әлеуметтік демалыс беріледі.
    4. Демалыс кезеңінде жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

    Құқықтық негізі:

    • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 26-1) тармақшасы – жұмыс берушінің жұмыскерге орташа жалақысы сақтала отырып, скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалыс беру міндеті;
    • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 87-бабы – скринингтік зерттеулерден өтуге арналған демалыс әлеуметтік демалыстарға жатады және күнтізбелік жыл ішінде үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге беріледі.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары