сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу

    сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу
    • 2026 жылғы 2 шілдеде Бөрлі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және сот жүктеген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сот отырысы өткізілді.
    • Сот отырысында пробация есебінде тұрған «С» есімді сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс қаралды.
    • Бөрлі аудандық сотының қаулысымен ұсыныс қанағаттандырылып, сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі 6 ай 6 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
    • Жазаны өтеу кезеңінде сотталған бірнеше рет құқық бұзушылықтарға жол беріп, сот жүктеген міндеттерді орындамаған. Атап айтқанда:

    – түнгі тексерулер кезінде бірнеше рет тұрғылықты мекенжайында болмаған;

    – пробация қызметін хабардар етпестен бірнеше рет Орал қаласына шыққан;

    – жазасын өтеу кезеңінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі бойынша бірнеше рет қылмыстық жауаптылыққа тартылған.

    • Іс-шараның мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ сот белгілеген талаптар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету. #заңментәртіп #закоипорядок

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары