Қолөнер шебері Нұрсұлтан Калиевпен кездесу өтті

    🔹Ағымдағы жылдың 25 маусымында Атырау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің мамандары өңір тұрғыны, қолөнер шебері Нұрсұлтан Калиевпен кездесу өткізіп, жайын терісінен жасалған ұлттық музыкалық аспап – қобызды географиялық нұсқама ретінде құқықтық қорғауға алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    🔹Кездесу барысында мамандар географиялық нұсқаманы тіркеудің артықшылықтары, оны құқықтық қорғау тәртібі, сондай-ақ өтінім беру кезінде ұсынылатын құжаттар тізбесі туралы жан-жақты ақпарат берді.
    🔹Сонымен қатар, өтінім беру тәртібі, мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері, мемлекеттік бажды төлеу мәселелері және өтінім материалдарын ресімдеу ерекшеліктері бойынша практикалық кеңестер берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары