2026 жылғы 13 қарашада Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен жергілікті атқарушы органдардың, олардың құрылымдық және ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларын түсіндіруге және оларды тәжірибеде дұрыс қолдану мәселелеріне арналды.
Семинардың ашылуында Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г.У. Кыстаубаева және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ж.О. Буламбекова алғы сөз сөйлеп, заң талаптарын сақтау мен азаматтардың өтініштерін сапалы қараудың маңыздылығын атап өтті.
Семинар барысында Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Абылхайыров Сағындық Уәлиұлы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің негізгі нормалары мен оларды қолдану тәртібін түсіндірді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









