
Ұлттық домбыра күні: Алакөлде 60-қа жуық оқушы күй шертті
Алакөл ауданында Ұлттық домбыра күніне орай тағылымды мәдени шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара аясында Балалар шығармашылық орталығының 60-қа жуық оқушысы бір мезетте күй орындап, ұлттық өнерге деген құрметін паш етті.
Домбыра үнімен көмкерілген шара жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттырып, халқымыздың күй өнерін дәріптеуге бағытталды.
Ұлттық домбыра күні – халқымыздың рухани мұрасын ұлықтап, дәстүрлі өнерді кейінгі буынға насихаттайтын ерекше мереке.
Осындай игі бастамалар арқылы жас өрендердің ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы артып, күй өнерінің сабақтастығы жалғасын тауып жатыр.
Ұлттық домбыра күні құтты болсын!









