Бұқар жырау ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

    Бұқар жырау ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

    Бұқар жырау ауданында автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жүзеге асырылып жатқан жобалар жол инфрақұрылымының сапасын арттыруға, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Бұқар жырау ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

    Ақжар ауылына кіреберіс ұзындығы 5 шақырым болатын автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

    Бұқар жырау ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

    Жоба аясында жолдың бойлық және көлденең бейіні түзетіліп, жол төсемінің негізі салынды, су өткізгіш құбырлар орнатылды, асфальтбетон жабыны төселіп, жол таңбалары сызылды.

    Бұқар жырау ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

    Жаңартылған жол жабынының сапасы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жүргізген зертханалық сынақтардың нәтижелерімен расталды. Мамандардың қорытындысына сәйкес, асфальтбетон жабынының барлық көрсеткіші белгіленген нормативтік талаптарға толық сәйкес келеді.

    Бұқар жырау ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

    Сонымен қатар Қарағанды – Калинино – Ақбастау – Суықсу облыстық маңызы бар автомобиль жолында да орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жөндеу жалпы ұзындығы 5 шақырымды құрайтын учаскелерді қамтиды.

    Бұқар жырау ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

    Қазіргі уақытта айналма жолды салу жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін мердігер ұйым негізгі жөндеу жұмыстарына кіріседі.

    Бұқар жырау ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

    Аталған жобаларды іске асыру ауданның елді мекендеріне көлік қатынасының қолжетімділігін едәуір жақсартып, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ Бұқар жырау ауданының тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары