Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері вакцинаның көмегімен алдын алуға болатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады

    ·
    Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері вакцинаның көмегімен алдын алуға болатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады

    Ақмола облысындағы эпидемиологиялық ахуал жалпы алғанда тұрақты. Сонымен қатар вакцинамен алдын алуға болатын және маусымдық жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тұрақты бақылауында.

    Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Серік Омарханов вакцинаның көмегімен алдын алуға болатын инфекциялардан қорғанудың ең тиімді жолы – уақтылы вакцина алу екенін атап өтті. Осыған байланысты халықты жоспарлы иммундаумен қамтуды арттыруға, вакцинацияның маңызын түсіндіру жұмыстарына және профилактикалық іс-шараларды күшейтуге ерекше көңіл бөлінуде.

    Өңір тұрғындарына жеке бас гигиенасын қатаң сақтау, қауіпсіз ауыз суды пайдалану, көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуу, азық-түлікті сақтау және термиялық өңдеу талаптарын сақтау, сондай-ақ аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажеттігі ескертілді.

    Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті вакцинациядан уақтылы өту және санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы екенін атап өтеді. Бұл шаралар өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтауға және инфекциялардың таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары