Астанада С. Мұқанов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

    Астанада С. Мұқанов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

    Астанада С. Мұқанов көшесінің Баршын көшесінен Айналма жолға дейінгі учаскесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Осыған байланысты, 4-5 шілде күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
    Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары