Мұнайлы ауданында «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

    ·
    Мұнайлы ауданында «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

    Интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Мұнайлы ауданында «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

    Аталған іс-шара аясында Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен кездесулер өткізіп, интернет желісі арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының кең таралған тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

    Полиция қызметкерлері азаматтарға күмәнді сілтемелерге өтпеу, банк карталарының деректерін, SMS-кодтарды және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға жария етпеу, сондай-ақ интернет арқылы қаржылық операциялар жүргізу кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін түсіндіруде.

    Тұрғындарға интернет-алаяқтардың арбауына түспеу үшін тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарауға және заңсыз әрекеттерге тап болған жағдайда дереу полиция органдарына хабарласуға кеңес берілді.

    Мұндай профилактикалық іс-шаралар киберқылмыстардың алдын алуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары