Департамент қызметкерлері «Время Вашего вопроса» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты

    Департамент қызметкерлері «Время Вашего вопроса» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты
    2026 жылғы 1 шілдеде Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы С. Жұмагереев және Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы А. Оңғарбаева «Время Вашего вопроса» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.
    Эфир барысында Департамент өкілдері ведомствоның қызметі, мемлекеттік бақылау шаралары, мемлекеттік аттестаттаудың жаңа форматы, сондай-ақ бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарының білім беру қызметін лицензиялау ерекшеліктері туралы баяндады.
    Сонымен қатар, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын лицензиялау енгізілетіні туралы түсіндірме берілді.
    Эфир соңында Департамент мамандары көрермендердің сұрақтарына жауап берді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары