Талас ауданында автокөліктердегі қауіпсіздік бойынша акция өтуде

    Талас ауданында автокөліктердегі қауіпсіздік бойынша акция өтуде

    Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында автокөліктердегі қауіпсіздік бойынша профилактикалық акция өткізуде. Іс-шара барысында тұрғындарға автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ұсынымдар берілуде.

    Сонымен қатар жүргізушілерге өрт сөндіргіш құралдарының жарамдылығын тексеру, электр сымдарының жағдайына назар аудару және жанғыш заттарды көлікте сақтамау қажеттігі ескертілді. Акцияның мақсаты – жол-көлік оқиғалары мен автокөлік өрттерінің алдын алу, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары