Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Қ. Шәрбиевтің жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтті.

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Жұмыс сапары аясында облыстық мәслихат ғимаратында кеңес өткізіліп, азаматтарды жеке қабылдау және өңір тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында экология және табиғи ресурстар саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

    Кездесуге Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары Самат Хасанов, Нұртай Жұмашев және Азамат Бисенов қатысты.

    Жиын барысында ветеринариялық мамандардың штат бірліктерін бөлу, киік санын реттеу науқаны кезінде қалдықтарды жою жұмыстарын заңнамалық тұрғыда нақтылау, киік өлекселерін жоюға арналған арнайы жылжымалы инсинераторлық техникамен қамтамасыз ету және қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы мәселелері талқыланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары