АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, ЖҰМЫСТАРДЫҢ САПАСЫ МЕН ҚАРҚЫНЫН БАҒАЛАДЫ

    ·
    АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, ЖҰМЫСТАРДЫҢ САПАСЫ МЕН ҚАРҚЫНЫН БАҒАЛАДЫ
    АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, ЖҰМЫСТАРДЫҢ САПАСЫ МЕН ҚАРҚЫНЫН БАҒАЛАДЫ
    Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов жұмыс жоспарына сәйкес ауданда бой көтеріп жатқан әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралап, жобалардың жүзеге асырылу барысын көрді. Құрылыс алаңдарында жауапты мердігерлер мен сала басшылары атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, нысандардың қазіргі ахуалы
    туралы ақпарат берді. Әрбір құрылыс нысандарының дайындық деңгейі зерделеніп, техникалық талаптардың сақталуына мән берілді.
    Жаңа білім беру мекемелерінің құрылысы өңірдегі оқушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды жоба саналатындықтан құрылыс материалдарының сапасы, қауіпсіздік талаптарының орындалуы және жұмысшылардың еңбек жағдайына ерекше назар аударылып, кәсіпкерлік нысандарында өндірістік үдерістердің ұйымдастырылуы, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі мен жобалардың мерзімінде аяқталуы мәселелері қарастырылды. Кәсіпкерлік бастамалардың жергілікті экономиканы дамытудағы рөліне тоқталған аудан әкімі инвесторлар мен кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
    Нысандарды аралау барысында анықталған бірқатар кемшіліктер мен аяқталмаған жұмыстар бойынша жауапты тұлғаларға олқылықтарды жедел түрде түзетіп, құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырып, жұмыстардың белгіленген мерзімде сапалы аяқталуы тиіс екенін қатаң ескертті.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары