ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ – НАЗАРДА, МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІ – БАҚЫЛАУДА

    1 / 12
    ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ – НАЗАРДА, МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІ – БАҚЫЛАУДА
    Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнату мақсатында кезекті жеке қабылдауын өткізді.
    Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік қолдау, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, құқық қорғау саласы және жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты болды.
    Аудан басшысы тұрғындардың әрбір өтінішіне жіті назар аударып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, заң аясында шешімін табуы тиіс мәселелерді зерделеу мен тиісті шаралар қабылдау жөнінде жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
    Халықпен тікелей байланыс орнату – тұрғындар талап-тілегін терең түсініп, өзекті мәселелерді уақытылы шешудің тиімді тетігі. Сондықтан, әрбір өтініштің орындалу барысы назарда болып, жауапты сала басшыларына тиісті жұмыстарды жүйелі жүргізу міндеттеймін» деді аудан басшысы қабылдау соңында.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары