ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ – ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

    ·
    ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ – ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
    ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ – ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
    Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік – кез-келген мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің басты шарттарының бірі. Ел ішінде заң мен тәртіптің сақталуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, қоғамдық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі тікелей құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қажырлы еңбегімен байланысты. Сондықтан да полиция қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен атқаратын қызметінің маңызы әрдайым жоғары бағаланады.
    Күн-түн демей ел тыныштығын күзетіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларына көрсетілетін құрметтің белгісі ретінде аталып өтетін «Полиция күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шараға Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сәкен Досымов, аудандық мәслихат депутаты Асқар Қайназаров қатысып, полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
    Өз сөзінде аудан басшысы тәртіп сақшыларының елдегі қоғамдық тұрақтылықты сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыспен күресу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы еңбектерін жоғары бағалап, қоғамдағы рөліне тоқталды.
    Салтанатты жиында қызметтік міндеттерін үлгілі атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде ерекше көзге түскен бірқатар полиция қызметкерлері мен сала ардагерлері ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Ермековтың алғыс хаттарымен марапатталды. Қызмет бабында қаза тапқан әріптестерінің ата-аналары мен туған-туыстарына құрмет көрсетілді. Бұл – құқық қорғау саласы қызметкерлерінің еңбегіне берілген жоғары баға ғана емес, олардың алдағы жұмыстарына артылған үлкен сенімнің белгісі.
    «Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидатының жүзеге асуында полиция қызметкерлерінің орны ерекше. Өйткені, заң үстемдігі орнаған жерде ғана әділетті қоғам қалыптасып, елдің тұрақты дамуына жол ашылады. Сондықтан, құқық қорғау саласының қызметкерлерін қолдау, олардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту және кәсіби деңгейін арттыру мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі.
    Қай кезде де халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауды өздерінің басты міндеті санаған тәртіп сақшыларының еңбегі құрметке әбден лайық. Ел игілігі жолындағы адал қызметтеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке мен бірлік, жауапты қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін!» деді Серік Үсенұлы.
    Күн сайынғы азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын күзету, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу бағытындағы тынымсыз еңбек пен көзсіз ерліктің иелеріне арналған мерекелік шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары