ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ АКЦИЯ ӨТКІЗДІ

    ·
    ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ АКЦИЯ ӨТКІЗДІ
    ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ АКЦИЯ ӨТКІЗДІ
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа жолдаған Жолдауында есірткі саудасы мен нашақорлыққа қарсы күресті күшейту маңызды міндет екенін атап өтті.
    Осыған орай Жетісай қаласының орталық саябағында «Өмірді таңда – есірткісіз Жетісай» акциясы өтті.
    Заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құру, психотроптық заттарды қолдану мен заңсыз айналымымен күресті күшейту мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Бағлан Ақтаев, аудан жастары мен жергілікті тұрғындар қатысты.
    Акция барысында аудан спортшыларының спорттық көріністері мен ҰҚК Шекара қызметіне қарасты арнайы жасақ тобының қоян-қолтық ұрыс тәсілдері, заңсыз есірткі айналымының жолын кесу бағытындағы кинологиялық жұмыстар көрсетіліп, қатысушылармен еркін форматта ашық әңгіме жүргізілді. Сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер талқыланды.
    «Біз бүгінде аудан көлемінде есірткі бизнесінің алдын алу мен тұтынушыларға қарсы күресті күшейту мақсатында қажетті заңнамалық шараларды қабылдап, нақты нәтижеге қол жеткізу бағытында тиісті жұмыстарды атқарып келеміз.
    Есірткісіз қоғам құру және салауатты ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі аға буынның алдында тұрған басты міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні анық» деген Серік Қонысбекұлы жастарды жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақырды.
    Айта кетейік, бүгінде аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудандағы барлық білім беру ұйымдарында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!», «Жастар спортпен бірге», «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!» және «Есірткіге жол жоқ!» ұранымен арнайы профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, есірткі тұтынудың зардабы мен таратудың жауапкершілігі түсіндіріліп келеді.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары