
Бұл талап адамның бет-жүзін толық жауып, оның жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киімдерге ғана қатысты. Ал хиджаб, химар, шейла, әл-амира және бет ашық қалатын өзге де діни киімдер заң талаптарын бұзбайды.
Сондай-ақ, аталған талап Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын орындау, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерін атқару, медициналық мақсаттар, азаматтық қорғау, қолайсыз ауа райы жағдайлары, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысу жағдайларына қолданылмайды.
Көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза ретінде ескерту көзделген. Ал әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.









