
Таза Қазақстан» іс-шарасы аясында Еңбекші ауданында аумақтың тазалығын сақтау және абаттандыру талаптарының орындалуын бақылау бойынша рейдтік-профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде соңғы 10 күн ішінде аудан аумағында 100-ге жуық құқық бұзушылық анықталып, олар бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Полиция қызметкерлері қоғамдық орындар мен аулаларда тазалық талаптарының сақталуын бақылап, қоқысты белгіленбеген орындарға тастау және абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерінің алдын алуда.
Шымкент қаласы Полиция департаменті тұрғындарды тазалықты сақтауға және қала аумағына ұқыпты қарауға шақырады.









