Демалыс қауіпсіздігі – басты назарда: Ақши ауылында жүргізушілерге арналған профилактикалық акция өтті

    Демалыс қауіпсіздігі – басты назарда: Ақши ауылында жүргізушілерге арналған профилактикалық акция өтті

    Жазғы туристік маусым кезінде Ақши ауылында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, демалушылар мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

    Өткен демалыс күндері полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық акция өткізді. Іс-шара барысында жүргізушілерге көлік құралын мас күйінде басқаруға жол берілмейтіні ескертіліп, Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтау, рөлде мұқият болу және өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді.

    Жаздың аптап ыстығы мен туристердің көп келуін ескере отырып, жол қозғалысына қатысушыларға ауыз су таратылып, оларға сәтті сапар мен қауіпсіз демалыс тілектері жеткізілді.

    Осындай профилактикалық іс-шаралар туристік маусым бойы жалғасады. Полицияның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау және өңір қонақтарының демалысын қауіпсіз әрі жайлы ету.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары