«Заңсыз-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

    ·
    «Заңсыз-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

    2026 жылғы 8–12 маусым аралығында аудан аумағында «Заңсыз-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын сақтауын бақылау, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу және анықтау.

    Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрғын үй секторларында, ұйымдар мен кәсіпкерлік нысандарында тексеру жұмыстарын жүргізуде. Рейдтік іс-шаралар шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тарту, тіркеу тәртібін бұзу және көші-қон саласындағы өзге де құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.

    Сонымен қатар көші-қон заңнамасының талаптарын түсіндіру мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары бойынша кеңестер берілуде.

    Полиция азаматтарды Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын сақтауға, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге және заң талаптарын қатаң ұстануға шақырады.

    https://www.instagram.com/reel/DZTPDeMqw5J/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары