Астаналық жасөспірімдер ескек есуден Азия чемпионы атанды

    Астаналық жасөспірімдер ескек есуден Азия чемпионы атанды

    Астаналық жасөспірімдер жастар арасында ескек есуден Азия чемпионы атанды. Жарыста жоғары нәтиже көрсеткен елордалық өрендерді ата-аналары салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

    Чемпионаттың қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары жалпы саны 5 алтын, 3 күміс медаль жеңіп алды.
    Жүлдегерлер қатарында Эвелина Костенко, Анастасия Прибыткова, Нұртілек Иман, Мадияр Канекен, Егор Краснонос және Юрий Горбов бар.

    «Түркістан қаласында алғашқы рет Азия чемпионаты өтті. 15 мемлекетттен 300-ге жуық спортшы қатысты. Ескек есу жарысына Астана қаласынан алты спортшы қатысып, жеңіс жалауын желбіретіп келді», – деді Астана қаласы әкімдігінің №4-ші балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерев спорт мектебі КММ басшысы Мұхамедрахым Ибраев.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары