1 / 7
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады.
Өңір басшысы Тараз қаласындағы №35 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Ербол Қарашөкеев сайлаудың маңыздылығын атап өтіп, өңір тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге шақырды.
Айта кетейік, Жамбыл облысында 733 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Өңірде 520 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









